DamuMed мобильдік қосымшасы
МСҚ: Халықтық бақылау
Патронаж медбикесі
Egov.kz мобильдік қосымшасы

Бас дәрігердің блогы

Кожарипова Жаннат Шайхсламовна

Қызылорда облысы бойынша біріңғай медициналық ақпараттандырылған
call-орталығы
+7 (7242) 40-00-01
1304 (Altel/Tele2 арқылы тегін)

Электронды және электрлік жабдықтарды экологиялық кәдеге жарату туралы жадынама №6 қалалық емханасында патронаждық қызметкерлер «Патронаждық  аяжан» мобильдік қосымшасын күнделікті жұмыс барысында қолдана бастадыАдамзатқа төнген қауіпті дерт
Көп балалы аналарға құрмет жалғасудаӨзіңді туберкулезден қорға!8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Біз туралы

Қызылорда қаласы денсаулық сақтау басқармасының №6 емханасы

Емхана 1991 жылы құрылған, Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесінде орналасқан. Алғашында Соғыс және еңбек ардагерлерінің емханасы болып ашылған. Кейін бас дәрігер етіп облыстық денсаулық сақтау басқармасының инспекторы Қылыш Наурызбаевты тағайындады. Қылыш Наурызбаев емхана дамуына үлкен үлесін қосты. Бұл емхананың ашылу салтанатында Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің ізгі тілегін жолдады. Осы емханада Наурызбаев Қылыштан кейін Піржанова Бахыт Махатайқызы көп жыл еңбек етіп, қала халқының құрметіне бөленді. 2010 жылы емхана күрделі жөндеуден өтті. Емхана бүгінгі заман талабына сай жабдықталған, науқас жандарға ем шипа көрсетуде медицина жетістіктерімен ұштастырып, кез-келген аурудың алдын алуда, анықтауда, емдеуде ең жоғарғы деңгейде көмек беріп келе жатыр. Бүгінде № 6 емхана іргелі, алдын алу емдеу мекемесіне айналды. Ескірген жаңарды, жаңалар жетіле түсті. Қазіргі таңда емханада I және жоғарғы санаттағы білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Емхананың бас дәрігері Кожарипова Жаннат Шайхсламовна- жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог, жоғары санатты медицина ұйымдастырушы. Емханада 400ден астам орта медициналық қызметкерлер және 80 дәрігер жұмыс жасайды. Емхананың басты мақсаты: ауруларды болдырмау жолы, аурулардың алдын алу және денсаулықты қалпына келтіру, бұл адамдар өмірінің ұзақтығына, өлімнің төмендеуіне әсер етеді. Салауатты өмір салтын насихаттау. №6 қалалық емханасында, мұнда алғашқы медициналық-санитарлық; кеңес беру-диагностикалық; соның ішінде арнайы мамандандырылған көмек корсетеді. Емханада 30 орындық науқастарға арналған күндізгі стационарлық емдеу бөлімі жұмыс жасайды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетілетін тұрғындар саны 61932ге жуық. Емхананың нақты жоспарлық сыйымдылығы ауысымда 80 дәрігерге көрінуге болады. Қабылдау бес қабатты ғимаратта жүргізіледі. Емхананың жұмыс істеу уақыты таңгы 8:00- ден кешкі 18:00-ге дейін. Емханада 25 бөлімше , 4 филиал (Абай, Қарауылтөбе, Коммунизм, КБИ) және Досан медициналық пунк жұмыс жасайды.

Көп балалы аналарға құрмет жалғасуда

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында №6 қалалық емханасы көп балалы аналарға құрмет ретінде емхана аумағына қарасты КБИ мөлтек ауданындағы көп балалы үш отбасына ет пен бауырсақ таратылды. Барлығы 7 баланы аялап өсіріп отқан отбасылар. Бұл ігі шараға емхана...

Өзіңді туберкулезден қорға!

Құрт ауруынан қалай сақтануға болады? Аурудың алдын алу шаралары қандай? Бұл туралы №6 қалалық емхананың СӨСҚ мейірбикесі қаламыздағы №217, № 212, №7 орта мектептерінде ұйымдастырылған семинарда кеңінен айтылды. Семинарлардың мақсаты: Туберкулез туралы...

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Тіршіліктің тірегі қашанда әйел-ана болған. Ақылына көркі сай келіп, батырлығымен, ізгі бейнесімен кейінгі ұрпаққа үлгі болған, тарихта із қалдырған арулар көп. Бүгін «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты...