Бас дәрігердің блогы

Кожарипова Жаннат Шайхсламовна

Қызылорда облысы бойынша біріңғай медициналық ақпараттандырылған
call-орталығы
+7 (7242) 40-00-01
1304 (Altel/Tele2 арқылы тегін)

№6 қалалық емханасына
қарасты тұрғындар арасында
17279 адам DamuMed
мобильді қосымшасын қолданады

Мобильдік қосымшаның негізгі функциялары

Балалар (14 жастан кіші) мен егде жастағы ата-аналарға медициналық қызмет түрін таңдау

Қолданушы өзінің туысқандық байланыстарын тіркеу бөлімі арқылы және де отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсетуге сұрату тастау арқылы тіркей алады.

Хабар беру

Қолданушы келесі жағдайларда хабарландыру алады:

— Скринингтік тексеруден өту үшін шақыру жасалады;

— Флюорографиялық тексеруден өту үшін шақыру жасалады;

— Диспансерлік есептегі науқастардың тексеруден өтуі үшін шақыру жасалады;

— Бала көтеретін жастағы әйелдердің тексеруден өтуі үшін шақыру жасалады;

— Әйелдерді қарау бөлмесіне тексерістен өту үшін шақыру жасалады;

— Дәрігерге дейінгі қаралу бөлмесіне тексерістен өту үшін шақыру жасалады;

— Қабылдауға жазылғаны туралы ақпараттар беріледі;

— Қабылдауға жазылғаны күшін жойғаны туралы ақпараттар беріледі;

Дәрігердің қабылдауына жазылу

Учаскелік дәрігер немесе салалық маман дәрігеріне қабылдауға жазылу. Дәрігердің қабылдау кестесін жариялау үшін, емхана оны «өзіндік қабылдауға ыңғайлы» етіп көрсетуі тиіс. Барлық жазылуларды «Менің жазылуларым» функциясынан көре аласыз. Жазылуларды басу арқылы қабылдауға талон ала аласыз. Керек болған жағдайда қабылдауды кері болдыртпауға болады.

Дәрігерді үйге шақырту

Учаскелік дәрігерді үйге шақырту үшін, қолданушы шақыртудың себебін көрсетеді. Қолданушы барлық шақыртуларды «Менің шақыртуларым» бөлімінен көре алады. Осы жерден шақыртуды болдыртпауға да болады.

Дабыл түймесі

Дабыл түймесі жедел және төтенше жағдайларда учаскелік дәрігерді үйге шақыртуға арналған. Аталған функция тек белгілі категориядағы тұрғындарға қолжетімді:

— 5-жасқа дейінгі балалар;

— Жүкті әйелдер;

— Диспансерлік есептегі ерекшк топтар.

— Бұл жүйе науқастың емханадағы мағлұматы арқылы автоматты түрде науқастың категориясы анықталады. Жедел жағдайларда дәрігер шақырту үшін науқас категориясына сәйкес шақыртудың себебін көрсетеді.

Рецепттер

Науқас дәрігердің жазған рецепттерін көре алады және үйден шықпай-ақ олардың мерзімін ұзартуға сұраныс тастай алады.

Еңбекке жарамсыздық және зертхана зерттеулері

Қолданушыларға ашылған және жабтырылған еңбекке жарамсыздық парағын көре алады және pdf форматтағы зертхана қортындыларын жүктеп немесе электронды пошта арқылы жіберуге болады.

Менің денсаулығым

Қосымша анықтама ақпараттары, белгілі категориядағы науқастарға үнемі денсаулығын бақылап тұру үшін өте ыңғайлы. Бұл бөлімде жүкті әйелдерге арналған күнтізбе бар. Ақпараттар үнемі кеңейтіліп отырады және барлық жаңа қосылған науқастарды қамтып отырады.