Бас дәрігердің блогы

Кожарипова Жаннат Шайхсламовна

Қызылорда облысы бойынша біріңғай медициналық ақпараттандырылған
call-орталығы
+7 (7242) 40-00-01
1304 (Altel/Tele2 арқылы тегін)

«МСҚ: Халықтық бақылау» қосымшасы

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» КЕАҚ ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымшасы өз жұмысын жасауда.

Медициналық қызметтерді пайдаланушылар осы «МСҚ: Халықтық бақылау» қосымшаның көмегімен медициналық ұйымды дұрыс таңдауға, ұсыныс жасап, пікір білдіруге және қажет болған жағдайда Медициналық сақтандыру қорымен кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Медициналық сақтандыру қорының дерекқорына енген барлық емдеу ұйымдары туралы пікір білдіріп, шағым жаза алады. Осы тілек-шағымдар негізінде клиникалардың рейтингі жасалады. Бұндай рейтингтер азаматтардың ең үздік деген клиникалар мен емханаларды таңдауына мүмкіндік береді.

Қосымшаны пайдалану үшін алдымен ЖСН енгізіп, авторизация жасау қажет. Қор болашақта оны жаңа функциялармен және сервис түрлерімен толықтыруды жоспарлап отыр. Қосымшаны сынақтан өткізіп, https://fms.kz/ru/suggestion сілтемесі бойынша ұсыныс-пікір жолдауға болды.

«Халықтық бақылау» қосымшасын Android платформасына негізделген смартфондарға Playmarket арқылы, ал, iOS платформасы үшін AppStore арқылы жүктеп алуға болады.

Өзіңіздің ғана емес, өзгелердің де денсаулығын сақтау ісіне үлес қосыңыз! Себебі сіздің пікіріңіз медицина мекемелерінің жұмысын жақсарта түсуге ықпал етеді!