Бас дәрігердің блогы

Кожарипова Жаннат Шайхсламовна

Қызылорда облысы бойынша біріңғай медициналық ақпараттандырылған
call-орталығы
+7 (7242) 40-00-01
1304 (Altel/Tele2 арқылы тегін)

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі.

МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі.

Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмекке жүгіне алады?

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаторлық және стационарлық жағдайда тегін көрсетіледі. Оған профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілікті бақылау, медициналық манипуляциялар кіреді.

Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекке арнайы әдістерді қолдануды және күрделі медициналық технологияларды қажет ететін профилактика, диагностика және емдеу шаралары кіреді.

Жедел медициналық көмек шұғыл және күттірмейтін жағдайларда медициналық ұйымдардан тыс, ал шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жағдайларда (келеңсіз жағдайлар, жарақаттар, улану, күрделі науқастардың кенеттен асқынуы) амбулаторлық немесе стационарлық жағдайда көрсетіледі.

Жоспарлы медициналық көмек стационарлық жағдайда пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар кезінде көрсетіледі.

Дәрілік қамтамасыз ету – амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде.

Мейірбикелік күтім – ауру салдарынан өз-өзіне қызмет ете алмайтын, бөгде адамның әрдайым күтіміне немесе қарауына мұқтаж тұлғаларға.

Паллиативтік көмек – жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін, ауру барысы ауыр науқасқа шалдыққан пациенттің өмір сапасын барынша жақсартуға бағытталған.

Медициналық сақтандыру қорына кім, қанша төлейді?

- жұмыс берушілер аударымдары: 1% - 2017 жылдың шілде айынан бастап, 1,5% - 2018 жылдан, 2% - 2020 жылдан, 3% - 2022 жылдан;

- жұмыскерлер жарналары: 1% - 2019 жылдан, 2% - 2020 жылдан;

- жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, келісімшарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар жарналары – табыстан, бірақ 2 ЕТЖК 5%-нан кем емес, 2017 жылдың шілде айынан бастап (ай сайын 2445 теңге);

- жұмыс күші құрамына кірмейтін (белсенді емес тұрғындар) адамдардың жарна мөлшерлері – 1 ЕТЖК 5% 2018 жылдың қаңтар айынан бастап (ай сайын 1414 теңге);

- мемлекет әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар санаты үшін аударатын болады: 3,75% - 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, 4% - 2019 жылдан, 4-5 % - 2022 жылдан;

- дипломатиялық және соған теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында тіркеуден (аккредитация) өткен шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінде жұмыс істейтіндер 2017 жылдың 1 шілдесінен аударылған табысының 5 пайызын;

- халықаралық және мемлекеттік ұйымдарда, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарда мен қорларда (халықаралық келісімшарттарға сәйкес салық агенттері болып табылмайтын) жұмыс істейтін тұлғаларға келсек, олар да 2017 жылдың 1 шілдесінен табысының 5 пайызын;

- Қазақстан азаматтары ҚР аумағынан сыртқа, шетелге шыққан жағдайда, егер ол тұрғылықты өмір сүруге кетпеген болса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан төменгі айлық жалақының 5 пайызы мөлшерінде (1414 теңге) жарна төлейді.

Аударымдар/жарналар есептеу үшін, ай сайынғы табыс 15 еселенген төменгі жалақы мөлшерінен аспауы тиіс.

Барлық жарналар келесі есептік-табыс төленетін айдың 25-не дейін аударылуы тиіс.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек алады?

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек - амбулаториялық жағдайда және күндізгі стационарда көрсетілетін емханалар қызметі, оның ішіне аурудың алдын алу, диагностикалық зерттеу, емдеу, жүктілік ағымын бақылау, медициналық манипуляция, т.б;

Арнайы және жоғары технологиялық медициналық көмекке арнайы тәсілдер мен күрделі медициналық технологияларды қажет ететін аурулардың алдын алу, диагностикалық зерттеу, емдеу кіреді;

Жоспарлы медициналық көмек емделуші сырқаттанған және оның өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда ауруханаларда көрсетіледі;

Сырқатына қарай бекітілген тізімдемеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

Мейіргерлік күтім - ауыр сырқат салдарынан, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігінен айырылған, ұдайы сырттан күтім мен қарауға мұқтаж жандарға көмек көрсету;

Паллиативтік көмек – емделмейтін, өміріне қауіп төндіретін және ауыр өтетін аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасы мен жалпы жағдайын барынша жайлы етуге арналған медициналық және әлеуметтік көмек.

Мемлекет ТЕГІН медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

Жедел жәрдем және санитарлық авиация;

Әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде (онкологиялық аурулар, туберкулез, қант диабеті, психиатриялық және т.б.) және шұғыл түрде көрсетілетін медициналық көмек;

Профилактикалық егулер.