Бас дәрігердің блогы

Кожарипова Жаннат Шайхсламовна

Қызылорда облысы бойынша біріңғай медициналық ақпараттандырылған
call-орталығы
+7 (7242) 40-00-01
1304 (Altel/Tele2 арқылы тегін)

«№6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК емделушілерді қолдау қызметі және ішкі аудит

Жайлыбай Ақкенжеұлы

бас дәрігердің ішкі бақылау жөніңдегі орынбасары

Емделушілерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарастырумен, көрсетілетін медициналық көмектің сапасымен қанағаттанбаған жағдайларда олардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаумен байланысты қатынастарды реттейді.

Емхананың ішкі аудит және емделушілерді қолдау қызметінің негізгі мақсаты тұрғындарға ұсынылатын медициналық көмектің сапасын арттыру болып табылады.

№6 Қалалық емхананың ішкі аудит және емделушілерді қолдау қызметі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 58 бабына сәйкес бас дәрігердің бұйрығымен келесідегі негізгі тапсырмаларды шешу үшін құрылды:

тіркелінген тұрғындарға медициналық көмек сапасының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

медициналық қызметті ұсынуды жақсарту бойынша басқару шешімдерін қабылдау және медициналық көмек көрсету үрдісі үшін ішкі бақылауды ұйымдастыру;

емхананың сенім телефондары бойынша мәселелерін шешу;

тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің ережелерін сақтау;

ұсынылатын қызметтер сапасынына тұрғындардың қанағаттануын жоғарылату;

жұмыстағы кемшіліктерді жою және медициналық көмектің сапасын және тиімділігін арттыру;

Емханамыздың емделушілерімізді қолдау қызметінде медициналық қызмет көрсету сараптамасы аумағына арнайы оқытудан өткен жоғары білікті санаттағы тәжірибелі мамандар қызмет көрсетеді. Бас дәрігердің ішкі бақылау жөніңдегі орынбасары Ташенова Кульмариям Қуанышқызы.

Емделушілерді қолдау қызметіне қандай жағдайда жолығуға болады?

медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмаса;

медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қатынасқа тап болсаңыз;

тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерлерімен қаражат фактісінде бопсалаушылыққа жол берілсе;

медициналық көмек көрсету сапасы және тәртібімен байланысты басқа да маңызды сұрақтар туындағанда;

Қайда жолығуға болады?

Емхананың бірінші қабатында шағымдар мен ұсыныстарға арналған Жәшік орналасқан. Сонымен қатар, жазбаша хатты бас дәрігердің қабылдауына да қалдыруға болады.

24-00-52 сенім телефоны бойынша жұмыс күндері сағ.08:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері 09:00-ден 14:00-ге дейін азаматтардың жүгінулері қабылданады, ауызша жолығуларды қабылдау үшін диспетчерлік қызметті ұйымдастыру жұмыстарын тездетуді қамтамасыз ету.

Емхананың 3 қабатыңдағы 316 кабинет, бас дәрігердің ішкі бақылау жөніңдегі орынбасарына жолыға аласыз.

Интернет желісін пайдаланушылар www.pmsp6.kz емхана сайтына өздеріне қажет сұрақтарды «БАС ДӘРІГЕРДІҢ БЛОГЫНА» қалдыруға болады.

Емхана анықтама қызметінің телефоны: 24-04-44; 24-08-98; 24-09-14;