Бас дәрігердің блогы

Кожарипова Жаннат Шайхсламовна

Қызылорда облысы бойынша біріңғай медициналық ақпараттандырылған
call-орталығы
+7 (7242) 40-00-01
1304 (Altel/Tele2 арқылы тегін)

Адамзатқа төнген қауіпті дерт

Ғасыр індетіне айналған ЖИТС өзекті мәселелердің бірі болып қала беруде. Жұқпалы иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) қоздырғышын 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л.Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалымдар барлық қасиеттерін жан-жақты зерттеп тексеріп жариялады. Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының əсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің – күнінде адам ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға созылуы мүмкін. Айрықша еске алатын жай, осы жасырын кезеңде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде ЖИТС-ті тарата береді.

1987 жылы Қазақстанға ЖИТС деген үрейілі дертті шетелдік студент əкелген болатын. Бұл дерт сол жылдан бері талай адамдарды өз жүгеніне іліктірді.

ЖИТС деген ауру пайда болған жылдарда əлем дəрігерлері қауіпті дерттің сырын ақтарғанымен, əлі күнге дейін оны толық емдеп-сауықтырудың қырын таппай келеді. Дейтұрғанымызбен, бұл дертті ауыздықтаудың алғы шарттары-антиретровирустық терапия кең көлемде жүргізіліп келеді. Жыл сайын желтоқсан айының 1-де Дүниежүзінің дəрігерлері ЖИТС-пен қарсы күрес күнін атап өтіп, оның алдын-алу, емдеу-сауықтыру ісіндегі əлемдік тың ізденістері мен іс-тəжірибелерін ортаға салады. Халыққа аурудың алдын-алу мен жұқтырып алмау тəсілдерін түсіндіреді.

Алғашында бұл ауруға шалдығатындардың 90 пайызы нашақорлар болатын. Ал соңғы жылдары вирусты жыныстық қатынас арқылы жұқтырушылар саны көбейіп кеткен.

Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.

ЖИТС – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатын ауру. Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы мүмкін (пневмония, туберкулез, рак және т.б.).

Инфекция көзі вирус (ретровирус) жұқтырып алған адам-вирус тасымалдаушылар. ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмағандықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, ана сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.

ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:

— мүшеқапсыз жыныстық қатынас кезінде;

— жұқтырған қан құю арқылы;

— анадан-балаға, жүктілік және босанған кезде, егер анасында вирус болса;

— Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады.

ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі, тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өңдеуден өткізбейді. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады. Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастанғанда, ота жасағанда, әйел босанғанда донор қанын құюға тура келеді. Егер донор ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. ЖИТС жұғу мүмкіндігі бар қатерлі топқа гемофилиямен ауырғандар да жатады. Өйткені қан ұюы өте нашар болғандықтан, қан кетуін тоқтату үшін оларға жиі-жиі қан құйып отырады.

ЖИТС жұқпайды:

Қол алысқанда, құшақтасқанда, сүйіскенде, бір ыдысты қолданғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, ортақ төсек-орын жабдықтарын және басқа нәрселер, дәретхана қолданғанда, жәндік шағып алғанда. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де ЖИТС вирусының жұғу қаупі жоқ.

ЖИТС жұғудан қалай сақтанады?

Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей отыр. ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары тұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс. Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды өнегелілікке тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресу мүмкін емес. Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Қорыта айтқанда, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғай алады.

< Алдыңғы мақала
Келесі мақала >