Бас дәрігердің блогы

Кожарипова Жаннат Шайхсламовна

Қызылорда облысы бойынша біріңғай медициналық ақпараттандырылған
call-орталығы
+7 (7242) 40-00-01
1304 (Altel/Tele2 арқылы тегін)

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Тіршіліктің тірегі қашанда әйел-ана болған. Ақылына көркі сай келіп, батырлығымен, ізгі бейнесімен кейінгі ұрпаққа үлгі болған, тарихта із қалдырған арулар көп.

Бүгін «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты емханамыздың нәзік жандылары құрметіне мерекелік іс-шара өткізілді. Бүгінде Емханамызда 70 пайыздан астам әйел адам қызмет етеді екен. Бұл шараға емханамыздың барлық нәзік жандылары жиналды.

Салтанатты шара емхана басшысы Қ.Ж.Шайхсламқызының ұжымдағы нәзік жандыларды құттықтау сөзімен ашылып, өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген емханамыздың бірқатар дәрігер, мейірбикелер, кіші қызметкерлерін марапаттау рәсімімен жалғастырды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, отбасының ұйытқысына, татулық пен келісімнің тірегіне айналған, махаббаттың, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің құрметіне әндер шырқалып, билер биленіп, ақ тілектер мен мадақтар айтылды.