Бас дәрігердің блогы

Кожарипова Жаннат Шайхсламовна

Қызылорда облысы бойынша біріңғай медициналық ақпараттандырылған
call-орталығы
+7 (7242) 40-00-01
1304 (Altel/Tele2 арқылы тегін)

Өзіңді туберкулезден қорға!

Құрт ауруынан қалай сақтануға болады? Аурудың алдын алу шаралары қандай? Бұл туралы №6 қалалық емхананың СӨСҚ мейірбикесі қаламыздағы №217, № 212, №7 орта мектептерінде ұйымдастырылған семинарда кеңінен айтылды. Семинарлардың мақсаты: Туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру,жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету.

Емхана СӨСҚ мейірбикесі Б.Сыздықова оқушыларға Туберкулез ауруы жайында ақпараттық дәріс оқып, тақырып бойынша бейнероликтер көрсетті. Семинар барысында оқушылар тарапынан да тақырып қызу талқыланып, сұрақтар қойылды.

Туберкулез – ежелден келе жатқан жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын тауып, оның жұқпалы ауру екенін дәлелдеген. XX ғасырға дейін туберкулёз емделмейтін болған. Туберкулез әлемде көп таралған инфекциялардың бірі. Туберкулез микробы микроскоппен қатты үлкейткенде кішкентай таяқша тәрізді көрінгендіктен, туберкулез таяқшасы деген атауға ие болған.

Туберкулез адамнан адамға ауа арқылы тарайды. Өкпе туберкулезімен ауыратын адамдар жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырғанда ауаға туберкулез бактерияларын таратады. Адамға ауру жұғу үшін осындай бактерияның болар-болмас мөлшерімен дем алудың өзі жеткілікті. Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақытқа дейін сақталады, мысалы шаң басқан, көктеген ғимараттарда микробактериялар адам үшін қауіпті бола отырып, жылдар бойы тіршілік ете алады.

Науқас адам жөтелгенде қақырықпен, түшкіргенде, сөйлегенде ауада 2-6 м дейін таралып, шаңмен бірге еденге, затқа қонады да, көптеген жылдар бойы тіршілік ете беретін сыртқы ортаға миллиондаған бактерия бөледі. Семинар соңында оқушыларғы ақпараттық-танымдық материалдар таратылып, сауалнама толтырғызылды. Әрбір адам денсаулығына немқұрайлы қарамағаны жөн. Денсаулығында қандай да бір өзгеріс байқалса, дереу дәрігерге қаралыңыз!