Бас дәрігердің блогы

Кожарипова Жаннат Шайхсламовна

Қызылорда облысы бойынша біріңғай медициналық ақпараттандырылған
call-орталығы
+7 (7242) 40-00-01
1304 (Altel/Tele2 арқылы тегін)

Көп балалы аналарға құрмет жалғасуда

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында №6 қалалық емханасы көп балалы аналарға құрмет ретінде емхана аумағына қарасты КБИ мөлтек ауданындағы көп балалы үш отбасына ет пен бауырсақ таратылды. Барлығы 7 баланы аялап өсіріп отқан отбасылар.

Бұл ігі шараға емхана әлеуметтік қызметкері Дунгулова Ақбота мен психолог Жұмахметова Гүлсім атсалысты. Аталмыш шараға дән риза болған көп балалы №6 емханаға алғыстарын айтып, әлеуметтік қызметкер мен психологқа батасын беріп, өз ризашылықтарын білдірді. Ақ жаулықты аналар Алладан ел тыныштығын сұрап, емхана қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сөз соңында айтарымыз бұндай ігі шаралар емхана тарапынан әлі де жалғаспақ. Көп балалы аналарға құрмет көрсетіп, аналарды ардақтайық!